М.В.Ломоносов атындағы №5 ОМЛ бойынша Қамқоршылық Кеңес отырысының Хаттамасы №2 » Ломоносов атындағы №5 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 30-87-36
Есепші бөлімі:
+7(7282) 30-87-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » М.В.Ломоносов атындағы №5 ОМЛ бойынша Қамқоршылық Кеңес отырысының Хаттамасы №2
27
сентябрь
2021

М.В.Ломоносов атындағы №5 ОМЛ бойынша Қамқоршылық Кеңес отырысының Хаттамасы №2

М.В.Ломоносов атындағы №5 ОМЛ бойынша 

Қамқоршылық Кеңес отырысының 

Хаттамасы №2

Күні:06.09.2021 жыл

Қатысқаны – 9;                                  

Қатыспағаны -4

Олар:

1. Рысбеков Қ.Қ.- кеңес төрағасы

2. Сапаров Е.Қ – кеңес мүшесі

3. Оналбаев Д - кеңес мүшесі

4. Албакова А.Р. - кеңес мүшесі

5. Салибаева З.С. - кеңес мүшесі

6. Смаилова Г - кеңес мүшесі

7. Мыятбеков Б.К. - кеңес мүшесі

8. Орынбаева Ш.К - кеңес мүшесі

9. Джумажанова Д-  кеңес мүшесі


Күн тәртібі:

1. Мектеп пен қамқоршылық кеңестің бірлескен жұмысын ұйымдастыру. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларымен танысу және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібі. Қамқоршылық кеңесінің төрағасын сайлау. Мектептің Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту. 

2. Қамқоршылық кеңестің 2021/2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту. 

3. «Мектепке жол» республикалық акциясы туралы.

Бірінші мәселе бойынша директор А. Маденова, Қамқоршылық кеңестің мүшелерін Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен, Қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаттары мен міндеттері, Қамқоршылық кеңестің құрамы, құрылымы, жұмыс істеуі және қызметінің негізгі бағыттары айтылған Қамқоршылық Кеңес туралы ережемен таныстырды


Екінші мәселе бойынша Рысбеков К.К, ол Қамқоршылық кеңес мүшелерін 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды және оны бекітуді ұсынды. Жұмыс жоспары қоса беріледі. 

Үшінші мәселе бойынша ДТІЖО А. Аязбаева сөз алды, жыл сайын биылғы оқу жылында өтетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының мақсатымен таныстырды. 

Аталған акция аясында іс-шаралар жоспарланып, жан-жақты ақпараттандыру мақсатында насихаттау жұмыстарының жүргізіліп отырғандығына тоқталды. Биылғы 2021-2022 жаңа оқу жылына мектеп оқушыларын оқумен қамту, көмекке мұқтаж балалар тізімін анықтау жұмыстары жүргізіліп, мектеп формасы мен мектепке қажетті оқу құралдарын алуға көмекке мұқтаж отбасы балалары анықталынды. Бүгінгі күні әлеуметтік жағдайына сәйкес 80 бала қолдауды қажет етіп отырғандығын түсіндірді. 


Шешім:

1.1. ҚК барлық мүшелеріне Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың Үлгілік қағидаларымен және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібімен егжей-тегжейлі танысу қажет.

1.2. Қамқоршылық Кеңес туралы ереже назарға алынсын.

2.1 Қамқоршылық кеңестің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілсін. 




Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:                       Қ.Рысбеков


 Хатшы:                                                                    А.Баймухамбетова