Қамқоршылық Кеңес отырысының Хаттамасы №1 » Ломоносов атындағы №5 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 30-87-36
Есепші бөлімі:
+7(7282) 30-87-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
январь
2022

Қамқоршылық Кеңес отырысының Хаттамасы №1

М.В.Ломоносов атындағы №5 ОМЛ бойынша 

Қамқоршылық Кеңес отырысының 

Хаттамасы №1



Күні:01.02.2022 жыл

Қатысқаны – 9;                                  

Қатыспағаны -4

Олар:

1. Рысбеков Қ.Қ.- кеңес төрағасы

2. Сапаров Е.Қ – кеңес мүшесі

3. Оналбаев Д - кеңес мүшесі

4. Албакова А.Р. - кеңес мүшесі

5. Салибаева З.С. - кеңес мүшесі

6. Смаилова Г - кеңес мүшесі

7. Мыятбеков Б.К. - кеңес мүшесі

8. Орынбаева Ш.К - кеңес мүшесі

9. Джумажанова Д-  кеңес мүшесі



Күн тәртібінде:

1.М.В.Ломоносов атындағы №5 ОМЛ бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету.  

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша М.В.Ломоносов атындағы №5 ОМЛ-нің директоры А.Маденова алғашқы сөзді алып, жыл сайын республика аумағында биылғы оқу жылында өтетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының мақсатымен таныстырды. 

Аталған акция аясында іс-шаралар жоспарланып, жан-жақты ақпараттандыру мақсатында насихаттау жұмыстарының жүргізіліп отырғандығына тоқталды. Биылғы 2021-2022 жаңа оқу жылына мектеп оқушыларын оқумен қамту, көмекке мұқтаж балалар тізімін анықтау жұмыстары жүргізіліп, мектеп формасы мен мектепке қажетті оқу құралдарын алуға көмекке мұқтаж отбасы балалары анықталынды. Бүгінгі күні әлеуметтік жағдайына сәйкес 80 бала қолдауды қажет етіп отырғандығын түсіндірді. 

Келесі сөзді Қамқоршылық Кеңестің төрағасы Қ.Рысбеков алып,  күн тәртібіндегі мәселенің мақсатын түсіне отырып, биылғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көмекке мұқтаж отбасы балаларына қолдау жасауға шақырды. Кеңес мүшелеріне аталған акция аясында демеушілер мен меценаттардың көмектесуін ұйымдастыруды, мектептің ата-аналар қауымдастығын ақпараттандырып, ерікті демеушілерді тартуды тапсырды. 

Қамқоршылық кеңес   мүшелері күн тәртібіндегі мәселені қарастыру нәтижелері бойынша  төмендегідей шешім шығарды.


Шешім:

1.Қамқоршылық Кеңесі төрағасының шешімі бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетілсін деп шешім қабылдады. 




Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:                       Қ.Рысбеков


 Хатшы:                                                                    А.Баймухамбетова