«Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты мерекелік іс-шара » Ломоносов атындағы №5 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 30-87-36
Есепші бөлімі:
+7(7282) 30-87-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты мерекелік іс-шара
26
октябрь
2023

«Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты мерекелік іс-шара

26 қазан күні 8-9 сынып оқушылары арасында «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаларды қамтыған сайыс түрінде өткізілді. Сайыс бағдарламасы 4 бөлімнен құралды:

1.Кел танысайық (таныстыру музыкамен, плакат, эмблема) (3-4 минут)
2. Күзгі сый (Қолдан жасалған күз тақырыбында тағам түрлері) .(2 минут)
3. Өнерлі өрге жүзер (өнер сайысы) 3 мин
4. Күзгі ханзада мен ханшайымы (күзгі сән үлгілерін көрсету.)(3-4 минут)
Жоғарыда айтылған турлар бойынша әр жұп жоғарғы деңгейде өнерлерін көрсетті. Әділ-қазылар алқасы ортақ шешімге келіп 8 сынып оқушылары арасында 8 «Г» сынып оқушыларын, 9 сынып оқушылары арасында 9 «В» сынып оқушыларын  марапаттады. Алайда сайыс қортындысы бойынша қалыс қалған жұп болған жоқ. Әрқайсысының көрсеткен өнерінің артықшылықтарына қарай номинациялар бекітілді, атап айтатын болсақ, «Ең әдемі күзгі сән үлгісі», «Өнерлі өрендер»және «Үздік қолөнер»» номинациялары бойынша барлық сайыскерлер марапатталды. Қатысқан жұптарға мақтау қағаздары табысталды.
Сайыс көрермендер тарапынан да, келген қонақтар тарапынан да жоғары дәрежеде бағаланды. Жалпы қорыта айтқанда, күзгі бал мерекесі өте жоғары дәрежеде аталып өтілді.
Педагог – ұйымдастырушы : А. Даулетова