« Берекелі алтын күз » атты жәрмеңке » Ломоносов атындағы №5 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 30-87-36
Есепші бөлімі:
+7(7282) 30-87-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » « Берекелі алтын күз » атты жәрмеңке
23
октябрь
2023

« Берекелі алтын күз » атты жәрмеңке

Мектебімізде 23 қазан күні  5-7 сынып оқушылары арасында « Берекелі алтын күз » атты жәрмеңке болып өтті.  Жәрмеңкенің мақсаты күз уақыты молшылыққа толы болғандықтан күздің берекелі, мерекелі кезін насихаттап, оқушыларды талғампаздыққа, еңбекқорлыққа баулу, балалардың қызығушылығын арттыру болды. Әр сынып әртүрлі тағамдар дайындап, тағам түрлерінің санитарлық талапқа сай жасалды және жабдықталды. Күзгі жәрмеңке бірнеше критерийлер бойынша бағаланды, оқушының киімі талапқа сай болды яғни (қалпақ, алжапқыш, медициналық қолғап), тағам бағасы, барлық тағамның қолдан пісірілуі басты міндеті болды. Бұл іс-шараға мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы, сынып оқушылары, сынып жетекшілер, ата-аналар белсенді қатысты. Түскен қаржыны қайырымдылық қорына құю жоспарланды. Сазды музыка аясында, күншуақта көңілді өткен бұл мерекеден қатысушылар адамгершілік-этикалық тәрбие ала отырып, экономикалық білімдерін кеңейте түсті деуге болады.