Республикалық педагогтер съезі » Ломоносов атындағы №5 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 30-87-36
Есепші бөлімі:
+7(7282) 30-87-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық педагогтер съезі
05
октябрь
2023

Республикалық педагогтер съезі

Әлемдегі мамандық атаулының шыңы - ұстаздық. Қоғам пайда болғалы мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін ұлағатты жандар. «Мұғалім мамандығы - барлық мамандықтын анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын пенде жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Биылғы жылы ресми түрдғ бекітілген ұстаздар күні 5 қазан Елордамыз Астанада "Ұстаздық, жол - ізгілік пен адалдық" Республикалық педагогтер съезі өтті. Президентіміз қатысушылар мен еліміздің барша ұстаздар кауымын Ұстаздар күнімен және съездің ашылуымен құттықтады. Өз сезінде мемлекет басшысы бүгінгі күннің шың мәнінде, өте маңызды жиын екенін, ұстаз - ең алдымен, қадірлі маман екенін, ал, ұстаз болу - қастерлі міндет екенін баса айтты. Бүгінде еліміздін болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жургенің зор кұрметпен жеткізді.