“ Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік ” тақырыбына мерекелік іс-шара » Ломоносов атындағы №5 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 30-87-36
Есепші бөлімі:
+7(7282) 30-87-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік ” тақырыбына мерекелік іс-шара
06
октябрь
2023

“ Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік ” тақырыбына мерекелік іс-шара

6 қазан күні мектебімізде ұстаздардың құрметіне орай “ Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік ” тақырыбына мерекелік  іс-шара өткізілді.
Мерекелік концерт мектебіміздің домбырашыларынан құрылған оркестрдің күмбірлеген күйінен бастау алды.
Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін мектебіміздің директоры Маденова Алия Бақытбекқызына сөз кезегі берілді және ұстаздар қауымын қалалық және мектепішілік құрмет грамотасымен марапаттады.
Мерекелік концертті 7 «Б» сыныбының мың бұралған бишілері«Қамажай» биімен жалғастырды.
Ары қарай 9-10 сынып оқушыларынан құрылған театр үйірмесі «Менің атым Қожа» кинофильмінен үзіндіні жаңа форматта, ерекше актерлық қабілеттерін көрсете отырып, қойылым қойды. Мектебіміздің жас мамандары бастауыш сынып мұғалімдері Аманбек Айнұр, Болысбекова Аяжан, Ингенбаева Камила, ағылышын тілі пәнінің мұғалімі Батырбаева Аяулым ант қабылдау рәсімі өтті. Құрметті ардагер ұстаздар қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мамилина Қарлығаш Тұрарбековна, география пәнінің Зауре Нурболатовна, ағылшын тілі пәнінің Куракова Зинаида Федоровна, химия пәнінің мұғалімі Карымбаева Айгүл Мырзагалиевна жас мамандарға ақ батасын беріп, сыйлықтарын табыстады. Әрмен қарай мектебіміздің мақтаныштары «Bala star», «Бабалар Аманаты» республикалық жарыстарының жүлделі орын иегерлері Бейсенов Бақжан мен Ербол Бекзаттың орындауында «Кербез сұлу» күйімен жалғасын тапты. Бастауыш сынып оқушыларының орындауындағы «Лезгинка» биі ұстаздарға ерекше әсер қалдырды. 10 «А» сынып оқушысы Мырзахан Ақерке «Happy» әнімен жақсы көңіл-күй сыйлады. 8 сынып оқушыларының орындауындағы «Өзбек» биі ұстаздардың көңілінен шықты. Мерекелік концерттің соңында мектебіміздің жас әншісі Саматов Дидардың «Молдабайдың әні » атты әнімен аяқталды. Ұстаздарымызға жақсы көңіл күй сыйлай білдік.