1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді » Ломоносов атындағы №5 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 30-87-36
Есепші бөлімі:
+7(7282) 30-87-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді
31
март
2022

1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді



Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.
Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz http://egov.kz/cms/kk  порталы арқылы көрсетіледі.
Қандай құжаттар қажет?
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)
Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша жергілікті білім басқармаларына хабарласып, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы өзекті ақпаратты білуге болады.
 
bilim_jane_gylym