01
февраль
2024
«Директор сағаты» жобасы аясында ата-аналар, білім алушылар және мектеп мұғалімдерімен жеке қабылдау өткізді.
2024 жылдың ақпанның 1 күні сағат 09.00-11.00 аралығында «Жетісу облысы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейі» КММ-нің мектеп директоры Маденова Алия Бахытбековна ата-аналар мен білім алушылардың үнін тыңдау, яғни мәселені бірлесіп шешу жолдарын қарастыру мақсатында «Директор сағаты» жобасы аясында ата-аналар, білім алушылар және мектеп мұғалімдерімен жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдау кезінде оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар өз көкейіндегі сұрақтарын қойып, татымды жауаптар алды. Қойылған сұрақтар барысында мектеп ата-аналары оқушылардың бойында ұлттық, адами құндылықтарды дамытуға негізделген «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» қолдайтындығын айтып, тәрбие мәселесіне қатысты сұрақтарына нақты жауаптарын алды.
@marat.suleimenov81 @zhetysu_bilim @zhetysu_bilim_baskarmasy @meruertabdykalieva @taldykorgan_bilim @goronotald_ @goroo_tdk @gani.beisembayev
@marat.suleimenov81 @zhetysu_bilim @zhetysu_bilim_baskarmasy @meruertabdykalieva @taldykorgan_bilim @goronotald_ @goroo_tdk @gani.beisembayev