«Үздік кітап оқитын сынып» жарысы » Ломоносов атындағы №5 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 30-87-36
Есепші бөлімі:
+7(7282) 30-87-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік кітап оқитын сынып» жарысы
02
ноябрь
2023

«Үздік кітап оқитын сынып» жарысы

«Үздік кітап оқитын сынып» «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру барысында 2 қараша 2023 жылы 6 сынып оқушыларымен М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейінің кітапханасында «Үздік кітап оқитын сынып» жарысы өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, білімдерді сарқып білуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу. Егемен елімізді әлемге таныту, болашақта еркін өмір сүріп, ойлаған армандарымыздың орындалуы тек ерінбей терең білім алғанда ғана орындалары сөзсіз. Ал білім алулың басты құралы - кітап екенін бәріміз жақсы білеміз. Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды өнерімізді білу үшін кітапты көп оқуымыз керек. Жарыстың бөлімдері: 1. Сұрақтарға жауап беру 2. Мәнерлеп оқу 3. «Lego Poetry» ойын арқылы поэзияға баулу. 4. Мақал мәтелдерді жалғастыр. 5. Үй тапсырмасы «Кітап-білім бұлағы»