Жолдау » Ломоносов атындағы №5 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 30-87-36
Есепші бөлімі:
+7(7282) 30-87-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
сентябрь
2023

Жолдау

Жолдау Мемлекет басшысының елімізде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан ауқымды әрі маңызды реформаларының жалғасы. Мұны тарихи жағдай деп атауға болады.
Бұл Жолдаудың басты ерекшелігі, Жолдауда экономикалық дамуымыздың таяу жылдардағы эволюциясы айқындалды. Өте ауқымды, нақты әрі кешенді іс-шаралар жоспарланып отыр. Ендігі кезекте, біздің алдымызда Мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясатына қолдау көрсетіп, оның сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсаты тұр.
Ең бірінші кезекте тұрған мәселе мемлекетіміздің экономикасын көтеру. Бұл деген жұмыссыздықты жоюмен байланысты. Бұл деген кедейшілікті жоюмен байланысты. Осындай әлеуметтік мәселелер көтеріліп, енді жаңа экономикалық үрдісте халықтың әл-ауқаты жақсарады деген ойдамыз.
Президент Жолдауда өте өзекті тақырыптарды қозғады. Әсіресе, кәсіпкерлікті дамыту мәселесі елдің дамуы үшін маңызды.
 Мемлекет басшысының энергетикалық ресурстарды үнемдеп пайдалану туралы айтқаны өзекті. Себебі бұл Қазақстан үшін ғана емес, тұтас әлем үшін маңызды.
 Президенттің  жүзеге асырып жатқан осы саясатын М. Ломоносов атындағы 5 ші орта мектеп ұжымы қолдайды. Осы жолдауды тыңдау барысында,  жолдауға байланысты көптеген мәселелерді бірлесе ортақ талқылауға сала отырып қарастырды.