Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа жолдауы » Ломоносов атындағы №5 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 30-87-36
Есепші бөлімі:
+7(7282) 30-87-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа жолдауы
16
март
2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа жолдауы

Біз, «М.В.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейі» ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа жолдауын толық тыңдадық. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланған бүгінгі бастамалары еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын оң жаққа қарай өзгертеді деп санаймыз. Кез келген мәселені  қоғамда ашық айтып, оны шешудің оңтайлы жолдарын бірге іздейтін болатындығымыз қуантады. Президент Жолдауында айтылғандай, елімізде партияларды тіркеу үдерісі айтарлықтай жеңілдейді. Сонымен қатар парламент пен мәжіліс депутаттарына байланысты рефомалар жасау керектігі де маңызды шешім екені талқыланды  Бүгінгі әкімшілік- аумақтық құрылымындағы өзгерістер де, тарихымызды қайта жаңғыртқандай болды. Атап айтар болсақ, Алматы облысын  екіге бөлу ұсынысы, яғни Алматы облысы орталығы- Қапшағай қаласы, Жетісу облысының орталығы- Талдықорған қаласы болатынын, Абай, Шәкәрім, Мұхтардың елі қайта түлеп  Абай облысы орталығы Семей қаласы болатыны, ұлы хандардың, ұлы билердің, Кетбұға, Асанқайғы сияқты күйші-абыздардың, даңқты баһадүрлердің басын қосқан, мекені болған киелі Ұлытаудың қайта оралып, Жезқазған орталығы болатыны бізді тағы қуантты. Президентіміздің бүгінгі Жолдауын толық қолдай отыра, жаңару мен жаңғыру жолындағы атқарылатын істі толықтай қолдап, өзгерісті өзімізден бастайтын боламыз. Қорыта айтқанда, мектеп ұжымы  Президентіміздің мемлекетіміз дамуы үшін жасайтын барлық шешімдерінің  дұрыс екеніндігін талқылай келе, бір ауыздан қолдау  білдірді.